Қызылордада базар маңындағы асханалардың бірінде жарылыс болды. Мамандар апат газ-ауа қоспасының жылыстауынан орын алған дейді. Оқиға газ баллонының редукторын алмастыру кезінде болыпты. Салдарынан 3 адам ауыр жарақат алды. Қазір олар жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендер -25-30 жас шамасындағы ер адамдар. Дәрігерлердің айтуынша , жағдайы өте ауыр. Денелерінің 70-80 процентін күйік шалған. Көмекке Астана қаласынан мамандар шақыртылды.
РАСУЛ ӘЛІМБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Өмірлеріне айтарлықтай қауіп бар. Күйіктің дәрежесі, аумағы өте көп. Сондықтан енді алдағы уақытта басталады күйіктің ауруы, шок дегендер. Нақты айту қиын жағдайлары өте ауыр. Сондықтан ұзақ емделеді.