Тобыл өңірінде жыл басынан бері “AMANAT” партиясының қоғамдық қабылдауына 7 мыңға жуық тұрғын жүгінген. Тұрғындар түйткілінің 60 пайызы оң шешімін тапқан көрінеді. Аймақ азаматтарының өтінішін оңтайлы шешу – партияның негізгі міндеттерінің бірі.Бұл бағытта облыс көлемінде 21 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс жүргізеді. Жыл басынан бері партия филиалына ақпараттық жүйелер арқылы 6 722 өтініш түскен.Оның 60 пайызы оң шешімін тапты. Партияның облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауында 67 рет қабылдау жүргізіп, оның барысында 876 адамның талап-тілегі тыңдалып, өтініштердің 32 пайызы оң шешілсе, 68 проценті бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Өтініштерді талдау кезінде өңір азаматтарын толғандыратын ең өзекті бес мәселе анықталған.
СӘУЛЕ БҰЛТАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Біріншіден, бұл әлеуметтік көмек мәселелері - партия филиалына 2 286 өтініш келіп түсті. Екіншіден, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер - 1 475 өтініш қабылданды. Міне, бүгін «AMANAT» партиясының алаңында "Құқықтық көмек" жобасы аясында тұрғын үй мәселелері бойынша тақырыптық қабылдау өткізіліп отыр.