Егер көлігіңіздің шыққанына үш жыл болмаса қуана беріңіз. Елімізде бірінші желтоқсаннан бастап көліктерді сырттан әкелуге жаңа ереже енгізіледі.Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 3 жыл толмаған автоларды көлік түрін бекіту ресми тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Ол көлік құралының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайды. Осыған дейін декларацияланған кез келген тұлға Көлік түрін бекіту арқылы автокөліктерді импорттай алатын болса, қазір бұл құқық осы құжатта тікелей көрсетілгендерге ғана сақталады.
ЖАНДОС СӘКЕНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Көлік құралының типін мақұлдау құжатында тек заңды тұлғаның өзі ғана көрсетілуі тиіс. Егер де басқа заңды тұлға көрсетілген жағдайда кеден органдары ондай құжатты қабылдамайды.
Қазақстанға бұған дейін жаңа көліктерді алып келіп нөмір тағу тұрақты тіркеуге қою арзан еді. Заң күшіне енген соң оның бағасы да қымбаттайды дейді - сарапшылар.
ОҢҒАР ТОҚАНОВ, САРАПШЫ:
Утиль алымы бар, алғашқы тІркеу жарнасы бар, кедендік салықтар бар, осылардың барлығын қосқан кезде нақты жаңа көліктерге бізде шектеу аз болып қалды. Оларды тіркеу жарнасы Қазақстанда 923 тг ғана. Қазақстанға бұған дейін жаңа көліктерді алып келіп нөмір тағу тұрақты тіркеуге қою арзан еді. Сондықтан қолма-қол ақшасы бар азаматтар шетелден жаңа көліктерді әкелуге тырысатын. Енді заң күшіне енгеннен кейін мүлдем қиындайды.