Елімізде 4 млн-нан астам жылқы бар. Қазір оның санынан сапасы маңыздырақ. Ауыл шаруашылық мамандары осылай дейді. Президент тапсырмасына орай Ақтөбеде жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылды. Осылайша жергілікті Қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, көшім тұқымдас жылқы санын көбейтпек. Сонымен қатар асыл тұқымды малдың сапасын жақсартып, шаруашылықты белсенді дамытып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығару көзделіп отыр. Алдағы 5 жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру жоспарда бар.
ӘЛІБЕК БАЗАРҒАЛИЕВ, "ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕМШӨП ӨНДІРУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ" ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
25 жылдан бастап біздер үлкен іске кірісейін деп жатырмыз. Қазақстандағы ғалымдардың бәрін осы бір жерге қосып жергілікті жылқы бағып отырған шаруашылықтарды соларды барып зерттейміз.