$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Еліміздегі балалар омбудсмендерімен кездесу өтті

20.11.2024ж. 20:00
57
Еліміздегі балалар омбудсмендерімен кездесу өтті

Бүгін - дүниежүзілік балалар күні. Осыған орай елордада Қазақстандағы балалар омбудсмендерімен кездесу өтті. Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған шараға 50-ден астам жас буын өкілі мен өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қатысты. Онда жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың маңызы талқыланды. Сондай-ақ өңірлердегі омбудсмендер балалар арасында жиі кездесетін мәселелермен бөлісіп, оны шешу жолдарын қарастырды. 

ЮЛИЯ ОВЕЧКИНА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін біз ғана емес, дүйім жұрт осы бір айтулы күнді ерекше қарсы алады. Мереке 70 жыл бұрын белгіленді. Оған қоса біздің еліміз Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толды. Осы орайда балалар омбудсмендерімен кездесіп, жас буынның үніне құлақ түрмекпіз.

МЕДИНА ТҮСІПОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАЛАР ОМБУДСМЕНІ:

Біз барлығымыз бірігіп шешуге тырысамыз. Өйткені баланың тілін бал түсінеді ғой тек қана. Сол баламен қандай мәселе боп жатыр, психологтармен де сөйлесуге тырысамыз. Басқа да жағынан баланың қырларын қараймыз. Сол сияқты ары қарай уже үлкен адамдарға сол баланың сөзін сараптап-сараптап жеткізуге тырысамыз.