$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Ақтөбеде құрылысшылар екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

20.11.2024ж. 20:00
156
Ақтөбеде  құрылысшылар екі айдан бері жалақы ала алмай жүр

Ақтөбеде 600 орындық мектеп пен көпқабатты үйлер салған құрылысшылар екі айдан бері жалақы ала алмай жүр. Компанияның жұмысшыларға берешегі 15 миллион теңгеден асады. Бұл жағдайға не себеп болды? Тілшіміз тарқатып айтады. 

Жұмысшылар бүгін құрылыс компаниясына келді. Айтуларынша ала жаздай көпқабатты тұрғын үй мен 600 орындық мектеп салған. Бірақ сол еңбектері үшін ақы алмапты.

АСХАТ ДӘРІБАЕВ, ТАС ҚАЛАУШЫ:

Екі ай болды ақша алған жоқпыз.Біздің бригадамыздың өзіңе 15 миллиондай қарыз.Екі үш жеті бұрын вторник ақшаларынның жартысын, сосын қалғанын беремін деді ол да жоқ. Бала шағамыз, кредитіміз бар. Тамағымыз бар. Ақша жоқ. Алдағанына амал жоқ көніп келе жатырмыз.

Құрылыс компаниясынан төрт бригада, бас-аяғы 35 адам жалақысын ала алмай жүр. Тіпті жұмысшылар нысандағы жұмысты тоқтатып тастаған.

АЙМҰРАТ ДӘРІБАЕВ, ТАС ҚАЛАУШЫ:

Былтыр да үш ай жұмысты тоқтатып қойып, айқай шумен ақшамызды алдық. Жазда да солай. Тағы да жағдай қайталанып отыр. Қазір жұмысты тоқтатып тұрмыз. Келесі апта беремін. Келесі апта беремін деп өтірік ақбар бере береді біздерге.

Құрылыс компаниясы өкілінің айтуынша, өздері де қаражат күтіп отырған көрінеді. Өйткені бұл мекеме салып жатқан 600 орындық мектеп құрылысы мемлекеттік сараптамадан кеш өтіп, тиісті орындарға құжаттары енді ғана тапсырылған. Сондықтан қаражат кешіктіріліп жатыр дейді.

ЕРІК БӨКЕНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:

Құжаттарды өткіздік.Атқарылған жұмыс қорытыңдысын, соны өткізгеннен кейін уже ақша бөлінеді. Енді қазір ақша күтіп отырмыз. Жақын арада ақша түседі. Барлығымен жүз пайыз есептесетін боламыз.

Компания өкілі жұмысшылармен келер аптада есептесеміз деп уәде берді. Уәде орындалмаса ашулы құрылысшылар еңбек инспекциясына шағымданбақ.