Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті. Іс - шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – ауыл әкімдерінің инстутутын нығайтып, беделін арттыру. Форум барысында «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобаларын іске асыру барысы туралы семинарлар болды. Панельдік сессиялар барысында ауыл әкімдері мен сала мамандары тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев партияның ауылды дамытудағы басты міндеттері туралы айтты. Ол ауыл әкімдерінің халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуі және партиялық жобаларды жүзеге асырудағы рөлін ерекше атап өтті.
ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Алматы өлкесінің әсем табиғаты мен құнарлы жері бұл аймақтың экотуризмінің орталығына айналдыратыны сөзсіз. Осы шаралардың барлығы облыс үшін жаңа өсу мен өркендеу мүмкіндіктерін ашып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеретініне толық сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылшарушылық еңбеккерлерінің 1-ші форумында халқымыздың 40 пайызы ауылда тұратынын атап өтті.