$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО-да жарылғыш зат тасыған жүк көлігі жарылып, екі адам мерт болды

ШҚО-да жарылғыш зат тасыған жүк көлігі жарылып, екі адам мерт болды

Шығыс Қазақстан облысының «Өскемен-Самар» тас жолында жүк көлігі жарылды. Оқыс оқиға облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. Полиция департаменті істі бақылауға алды.

Тергеушілердің айтуынша, VOLVO жүк көлігі тау-кен жұмыстарына арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Көліктің түгі қалмады. Тағы 3 көлік майысып, терезелері сынған. Зардап шеккендердің біріне медициналық көмек көрсетілді. Жарылыс болған жолда үлкен шұңқыр пайда болды. Оқиға орнына кинологтар мен саперлерден құралған жедел топ шұғыл аттанды. Қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. 

АЛМАЗ ТАУКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық ішкі істер департаменті басшылығының бақылауына алынды.