$495.2 €522.34 ₽4.94
×

Атырауда мал базарында өлген ірі қарадан сібір жарасы анықталды

20.11.2024ж. 20:00
39
Атырауда мал базарында өлген  ірі қарадан сібір жарасы анықталды

Атырауда мал базарында өлген ірі қарадан сібір жарасы анықталды. Сиыр малын көршілес Батыс Қазақстан облысы Жанқала ауданы Жаңақазан ауылынан “Асыл Агро” мал базарына әкелген. Базар қызметкерлері 12інші қараша күні таңертең өліп жатқан малды көріп, ветеринар шақырыпты. Қазір мал күтіміне араласқан адамдарды бірден медициналық бақылауға алған. Аумаққа дизенфекция жасап, базардағы өзге малды шығармай отырмыз,- дейді. 

НҰРКЕН БОЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А:

Сібір жарасы анықталғаны рас. Қорытындысы келді. 16-сы күні берілген болатын. Астана қаласына. Бүгін қорытындысы шығып, “Асыл Агро” базары бүгінгі таңда жабылды толығымен. қала әкімнің шешімі шықты. Сол жалғыз бас келген. Айгүл деген апай сатып алған. Қазір қауіп жоқ. Себебі ол мал өлген күні бірден өртелді мал сою орнында.

Еш қауіп жоқ деген инспекция басшысы сол күні жалғыз сиыр келген деп отыр. Алайда “АсылАгро” мал базарының қызметкерлері сібір жарасына күдік бар деген күні өлген малмен бірге әкелген ірі қараларды иелері тиеп, өзге мал базарына алып кеткенін айтады. Сондықтан қаладағы барлық мал сою пункттерін тексерсін,- деген пікірде. 

ӘБУ ҚҰЛБАСОВ, БАЗАР ӘКІМШІСІ:

Сол малмен бірге келген малдарды иесі алып кетті тиеп. Жан-жақтағы басқа базарларға. Атырауда 4 базар бар ғой мал соятын. Сойылып кеткен болар сол жақтан. Қазір диззенфекция жасалды ішке. Малдың өлу себебін,өзімше ойлаймын, жемнен болды,- деп. Малды әкелген жігітпен де батыс қазақстаннан телефонмен сөйлестім. Олардан да келіп анализ алған. Бірге жүрген малмен. Анализ таза болып шыққан.