Елордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың атына көше берілді. Ол көше Есіл ауданында орналасқан, ұзындығы – 1100 м. Шараға Астана қаласы әкімдігінің, Энергетика министрлігінің өкілдері, мұнай-газ саласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Нұрлан Балғымбаев – еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін дамытып, қазба байлықтарды тиімді игеріп, оны халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобалармен айналысты. Сондай-ақ ол отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай қолдау көрсеткендердің бірегейі. Аталған еңбегін ескере отырып мұнай газ саласының ардагерлері ел үшін аянбай еңбек еткен азаматтың атына көше беруді ұсынған.
СӘКЕН ЕСІРКЕП, ҚАЛАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қаламыздың көшелерін саралап. Осы Мега жанындағы Қабанбай көшесінің бойындағы халық ең көп жүретін көрікт жерлердің біріндегі көшені Нұрлан Балғымбаевтың атына беру туралы шешім қабылдадық. Неге? Өйткені Нұрлан Балғымбаев Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары оның экономикасын әлеуметтік жағдайын өркендеуіне үлкен үлес қосты. Премьер -министр болды. Одан кейін Қазақстанның үлкен локамативі болған мұнай газ саласы. Осының өмірін өркендеуіне өмірін арнады. Сондықтан осындай елдің тәуелсіздігіне үлес қосқан мемлекет қайраткерін ұлықтайық деп ұсынысқа оң шешім бердік
Қоғам қайраткерінің бүгін туған күні. Оның жақындары айтулы күннің барша әулет үшін аса маңызды екендігіне тоқталды.
ҚҰДАЙБЕРГЕН БАЛҒЫМБАЕВ, Н.БАЛҒЫМБАЕВТЫҢ ІНІСІ:
Нұрланның көп бір проектілер ойында болған. Ол енді өмір болғасын соның ішінде мұнай болғасын бір күннің ішінде бітетін зат емес. Соны жоспарлап жүріп, 10-15 жылдап өмірге енеді. Сол Нұрланның ойлары, бастамалары бүгін жалғасып жатыр. Жалғасып жатқанда кімдермен? Осы жерде тұрған біздермен, мұнайшылармен.
САМАЛ БАЛҒЫМБАЕВА, Н.БАЛҒЫМБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ:
Бүгін -біздің отбасымыз үшін өте маңызды күн. Елордамызда көшеге әкемнің аты берілуі біз үшін үлкен құрмет. Ол өзінің отанына, жұмысына қашанда адал болатын. Еңбегінің еленіп жатқаны бізді қуантады. Қала әкімдігіне, сондай-ақ мұнай саласының ардагерлеріне алғысымыз шексіз.
Бұл -оның елге сіңірген еңбегіне көрсетілген құрмет пен баға. Ел игілігі жолындағы қажырлы еңбек, ұлт болашағы жолында дамуға үлес қосуға деген ұмтылыс қана тұлға атын шын мəңгілік ете алатыныны анық.
МЕҢДЕШ САЛИХАНОВ, Н.БАЛҒЫМБАЕВТЫҢ ДОСЫ:
Мен бірде бір рет естіген жоқпын. Нұрланға кіріп шыққаннан кейін, шешілмеді, ай болмады, сұрағаным іске аспады деген бірде бір кісіні мен білеймін. Сондықтан мұндай қайырымды, ондай басшы деген сирек кездесетін жағдай. +Қала басшыларына, үкімет басшыларына рахмет айтамын. Бұл енді алғашқы қадамның бірі деп есептеймін. Бұл енді жалғасатын болар. Ең бастысы Атырауда өзінің туған жері, өскен жері. Өзінің соңғы сапары ауылына барған болатын. Ал, біз достары еш уақытта оны ұмытпаймыз, сақтаймыз. Сенеміз әрі қарай жалғасулар болады.
Салтанатты шара мемлекет қайраткерін еске алу кешімен аяқталды.