Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Азаматтық авиация комитетінің экс-басшысы тергелуде - БАҚ

AstanaTV
11.05.2017ж. 20:00
2238
Азаматтық авиация комитетінің экс-басшысы тергелуде - БАҚ

Азаматтық авиация саласында жемқорлық дауы туындауы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті «Airport Management Group» басшыларын 6 млн доллар жымқырды деп айыптаған, - деп жазады "Время" басылымы. Компания 8 мемлекеттік әуежайдың жұмысына жауапты. Миллиондар әуе кемелеріне қажет құрылғы алуға жұмсалған сыңайлы. Алайда, тергеушілер бюджет қаржысын жұмсауға қатысты құжаттарда шикіліктер бар екенін анықтаған. Отандық әуе кемелерін тиімді басқару мақсатында «AMG» Швейцарияның «Zurich Airpot International» компаниясымен бірлесіп жұмыс жүргізген. Құжаттар жіті тексерілген соң, қылмыстық іс қозғалды, - деп жазады газет.

Еуропалық компания "әуежайларды басқару әдістемесі" деп аталатын бастамамен қыруар қаржы тапқан. Ол 18 түрлі құжат енген нұсқаулықтардың қомақты жиынтығы. Арасында ұшақтар күзетінің ережесі, ұшу қауіпсіздігі, жүктерді тексеру мен табиғатты бақылау енген. Бұл жүйенің маңызды екені даусыз, алайда, «AMG» серіктестігі Қазақстанға келмей тұрып, аталған жұмыстарды жүзеге асырған-мыс.

Басылым таратқан ақпаратқа сай, аты шулы іс бойынша әуежай қызметкерлері ғана емес, өткен аптада жұмысынан кеткен азаматтық авиация қызметінің экс-басшысы Бекен Сейдахметов те тергелген. Мемлекеттік кірістер комитеті қандай да бір түсінік беруге асықпайды. Заң талабына сай, 3 күн ішінде жауап береміз деп уәде етті. Есесіне, Астана арнасының тілшілеріне сұқбат берген аймақтағы әуежай өкілі жауапқа шақырылғанын растады.

Марат Шишов, «Аэропорт Павлодар» АҚ басқарма төрағасы:

Ия, мені шақырғаны рас. Павлодар әуежайы елдің заңнамасына сүйеніп және де "Аэропорт менеджмент груп" ұсынған қосымша нұсқаулықтарға сай жұмыс істейді. Тергеу нәтижесі жоқ, біз әзірге ештеңе білмейміз.