Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Толассыз жаңбыр шымкенттік дихандарды алаңдатып отыр

AstanaTV
11.05.2017ж. 20:00
2481
Толассыз жаңбыр шымкенттік дихандарды алаңдатып отыр

Толассыз жаңбыр шымкенттік дихандарды алаңдатып отыр. Қала іргесіндегі алқаптарға егін егетіндер, мөлшерден тыс ылғал көкөністің уақытылы пісуіне кері әсерін тигізеді, деп алаңдаулы. Жаңбырдан соң егістік алқаптарда арам шөптердің қаулап кету қаупі бар. Бұл шаруалардың қосымша шығындануына әкеледі. Оның үстіне көктемнің тым кеш шығуынан жер қызбай, жас көшеттер мезгілінде өсіп жетілмейтін сыңайлы. Нәпақасын жерден айыратын дихандар, жеңілдетілген бағада тыңайтқыштар мен арам шөптерге қарсы дәрілер берілсе, дейді. 

Санжар Абдрасилов, дихан:

Кешіктіреді ғой ол, жақсы өнім бермейді. Кешігеді. Гүл, капуста отырғызғанбыз, домалақ капуста отырғызғанбыз, айсберг салаттар отырғызғанбыз. Бұл енді 2 ай, 60-70 күн шамасында болады.

Синоптиктер алдағы екі үш тәулікте жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтты. Ауыл шаруашылық басқармасы өкілдері  шаруалардың қолдаусыз қалмайтынына сендіріп отыр.

Мөлдір Салиева, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Бізде ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне жаңбырдың көбеюіне байланысты шыққан арам шөптерге субсидия бөлінеді. Яғни тауарөндіруші өзінің гектарына қарай гербицидтің нормасына қарай шашады. Ол әр дақылдың өзінің гербицид түрлері болады, соны сатып алады тауар өндіруші мемлекеттен 50 пайызға субсидия төленеді. 1 гектардан бастап беріле береді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ