$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанаға «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында аймақтардан 500 полицей келді

AstanaTV
11.05.2017ж. 20:00
3392
Астанаға «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында аймақтардан 500 полицей келді

ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астанаға аймақтардан 500 полицей келді. Бүгін елордада жеке құрамның сыртқы келбеті мен эпикировкалары тексерілді. Әр облыстан келген тәртіп сақшыларына жаңа киім, бейне жетон, кеуде белгісі мен ағылшын және өзге де шет тілдеріндегі сөздіктер берілген. Сондай-ақ, қызметтік этиканы бұлжытпай орындау жайы ескертілді.

Мамандар халықаралық көрмеге дайындықты осыдан бір жыл бұрын бастап кеткен. Жеке құрамның даярлығынан бөлек, Астана аумағында патруль жүргізу үшін қосымша көліктер мен қажетті құралдар  жеткізілді. Бір ғана Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтауға 50 қызметкер жұмылдырылған.

Ризахмет Жаркенов, Ақмола облысы ІІД  басшысының орынбасары:

Қазақстанның әрбір облысы өз жеке құрамдарын жіберіп, тексерілді. Осында жеке құрамды әкелудің алдында сабақ өткізілді. Психологтар сабақ өткізді. Ағылшын тілінің мамандары сабақ өткізді. Қазіргі уақытта жеке құрам қызмет атқаруға дайын.