$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда халықаралық талапқа сай ипподром салынады – «AMANAT» партиясы АОФ жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі төрағасы

21.11.2024ж. 20:00
64
Атырауда халықаралық талапқа сай ипподром салынады – «AMANAT» партиясы АОФ жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі төрағасы

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі аймақта нақты істердің ұйытқысы болып отыр. Кеңес мүшелерінің ұсынысымен, өңірде алғаш рет халықаралық стандарттағы ипподром салынбақ. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаты дайын. Келер жылы қаржы бөлінсе, өңірдегі ұлттық спорт қана емес, иппотерапиямен оңалту ісі қолға алынар еді,- дейді кеңес мүшелері. Одан бөлек мирастықтардың қырағылығының арқасында сенімдерлікке берілген мұз айдыны толықтай мемлекетке қайтарылыпты. Ономастикалық тізімге аймақтағы тарихи тұлғалардың есімін қосуға да мұрындық болғандарын айтады. Кеңестің түрлі салада еңбек ететін 11 мүшесі бар. Олар азаматтық қоғам мен руханиятты дамытуда «AMANAT» партиясының бастамаларын қолдай береміз,- деп отыр.

СЫРЫМБЕК СӘРСЕНБАЕВ, «МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

Мұз айдыны жеке сенімгерлік басқаруға берілген кезде Атырау қаласы балалары таңғы бесте, алтыда барады екен,. Түнгі 11,12де барады екен жаттығуға.Себебі күндізігі ыңғайлы уақыттарда «Бейбарыс» хоккей клубы дайындалады екен. Осы мәсеені бірнеше мәрте көтердік. Облыстық прокуратураның араласуымен, бүгінгі таңда мұз айдыны түгелдей әкімшіліктің балансына көшіп, қазір біздің жасөспірімдерімізге жеткіншектерге дайындалуға ыңғайлы уақыт қалыптасып жатыр.