$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда алиментен жалтарған көкек әке бір жылға сотталды

21.11.2024ж. 20:00
105
Қызылжарда алиментен жалтарған көкек әке бір жылға сотталды

Қызылжарда алиментен жалтарған көкек әке сотталды. 40 жастағы қала тұрғыны кішкентай қызын асыраудан бас тартып, 2019 жылдан бері бас сауғалап келген. Оның осы уақытқа дейін 3 миллион теңгеге жуық қарызы жиналып қалған. Істі жеке бақылауға алған прокурорлар аталған ер адамның бірнеше жерде жұмыс істегенін дәлелдеген. Алайда, тапқан ақшасынан ол көк тиын да қызына аудармаған көрінеді. Айта кету керек, бұл азамат осымен екінші рет айыпталып отыр. 2022 жылы ол амнистияға ілігіп, жеңіл құтылған болатын. 

АБУ-АЛИ САТТАР, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жұмыс орнын таптық. Екі фирмада жұмыс істеген екен. Бірақ официально жұмысқа тұрмаған. Осы бір жылдың арасында 700 мың теңгедей жалақысын алған.

Сот процессі барысында көкек әке өзінің кінәсін толық мойындады. Прокурорлар оны бір жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. 

ӘСЕМГҮЛ ТОҚТАРБАЕВА, СҚО КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР қылмыстық кодексінің 139 бабына сәйкес Пасечник Алексей Сергеевичті кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырылсын. Айыпталушы жеңіл тәртіптегі түзету мекемесінде өз жазасын өтесін. Сондай-ақ, ол жәбірленушілер қорына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлесін.