$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда медициналық мекемелерге айыппұл салынды

21.11.2024ж. 20:00
56
Павлодарда медициналық мекемелерге айыппұл салынды

Павлодарда медициналық көмектің сапасыздығына қатысты шағымдар көбейген. Биылғы жылдың 10 айында тұрғындардан 2500 өтініш келіп түсіпті. Оның басым көпшілігі медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына қатысты болған. Әсіресе, ем шара алу кезінде дұрыс емдемеу сияқты арыздар басым. Тексерісті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізген. Нәтижесінде тиісті қызмет көрсетпеген, жұмысын жүйелі атқармаған емханалар мен ауруханаларға 864 млн. теңге айыппұл салынды. 

ЖАНГЕЛДІ ШАЙЫМБЕТОВ, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әрбір медициналық ұйым осы шағымдармен тікелей жұмыс жасайды. Сонымен қатар пациенттерді қолдау орталығында шешілмеген жағдайда олардың біздің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Сол арқылы біз пациенттердің құқықтары бұзылса, сол мезетте оның құқығын қайта қалпына келтіреміз.