Бүгін Алматыда «NON FOOD ASIA EXPO» 3-ші халықаралық тұтыну тауарлары көрмесінің алғашқы күні өтті. Сауда және интеграция министрлігінен және ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өткен көрмеге 20 - дан астам өзге елдерден әртүрлі өнімдер әкелінген.
3 күнге жалғасатын көрмеде 300 - ден астам танымал бренд түрлері ұсынылуда. Көрмеде жаныңызға керектігінің барлығы бар. Ыдыс - аяқ, тұрмыстық техникалардан бастап, ас үйге, жатын бөлмеге арналған бұйымдар көздің жауын алады. Керек десеңіз косметикалар, парфюмдер, шашқа тіпті тырнаққа дейінгі өнімдердің барлығы қарастырылған.
ЖАНАР АБИЛОВА, КӨРМЕ ДИРЕКТОРЫ:
Көрменің негізгі мақсаты ол сауда саттық қарым қатынасты орнату болып табылады. Ірі және кіші бөлшек сауда үшін арналған көрме. Жылдан жылға көрмеміз кеңейіп жатыр, ұлғайып жатыр. Биыл көрмеміз Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігі қолдауымен өтіп жатыр.
Non-Food Asia Expo көрмесі 3 - рет халықаралық деңгейде өткізіліп жатыр. Көрме - елімізде сатылымдар аумағы мен көлемін кеңейтуге, тапсырыс берушілер базасын ұлғайтуға үлкен септігін тигізеді.
ТИМУР ЖАРКЕНОВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бетпе бет кездесіп, саудаласып, өнімді көрсетуге мүмкіндік бар.
Біз бұл көрмені алдағы жылдары да қайталанады деп сенеміз. Себебі мұндағы заттардың сапасы мен әдемілігі бір бірінен асып түседі. Барша тұрғындарды көрменің кереметін көруге шақырамыз.
ИЛЬЯ ЧЕРКЕСОВ, «PARLI » КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Көрме өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бір жағынан тәжірибе алмасуға мүмкіндік. Мәселен, біз Қазақстандықтар үшін сапалы әрі қолжетімді бағада тауар ұсынғымыз келеді. Бүгін міне Шымкенттен сауда жөніндегі серіктестермен келісімшартқа отырдық. Ары қарай бірге жұмыс істейміз деген ойдамыз. Бұл көрме бізге жаңа серіктестер табуға үлкен септігін тигізуде.
Non-Food Asia Expo көрмесі 21-23 қараша аралығында Атакент көрме орталығында өтуде. Үйіңізге тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен жақсы тауар алғыңыз келсе асығыңыз.