"Жолаушылар тасымалы" АҚ 23 қарашадан бастап техникалық себептерге байланысты Talgo вагондарынан құралған №41/42 "Алматы-2-Атырау" жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылардың тасымалын қамтамасыз ету мақсатында №541/542 "Алматы-2 – Атырау" бір реттік пойызы ұйымдастырылды.
№541/542 "Алматы-2-Атырау" пойызының қозғалыс кестесі:
Алматы-2 станциясынан жөнелтілуі: 22 қараша жергілікті уақытпен сағат 00:21-де;
Атырау станциясына келуі: 23 қараша (келу уақыты диспетчерлік кестеге сәйкес анықталады).
Атырау станциясынан кері жөнелтілуі: 23 қараша, жергілікті уақытпен сағат 21:40;
Алматы-2 станциясына келуі: 25 қараша (келу уақыты диспетчерлік кестеге сәйкес анықталады).
№541/542 "Алматы-2-Атырау" бағыты бойынша стандартты вагондарда жол жүрген жолаушыларға билет құнының айырмашылығы жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларына сәйкес өтеледі.
Ұлттық тасымалдаушы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша ақпаратты "1433" нөмірі арқылы ақысыз алуға болады.