$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысындағы «Таза бейсенбі» акциясы Сайрам ауданы аумағында өтті

Түркістан облысындағы «Таза бейсенбі» акциясы Сайрам ауданы аумағында өтті

Түркістан облысындағы «Таза бейсенбі» акциясы Сайрам ауданында өтті. Кезекті тазалық науқанына «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалы ұйытқы болды. Экологиялық акцияға жиналғандар алдымен Көлкент ауылдық округіне қарасты «Шатқал» саябағының аумағын тазартты. Партия филиалының қызметкерлері, бастауыш ұйымдардың өкілдері, жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар саябақтағы қураған ағаштардың бұтақтарын кесіп, жас көшеттер екті. Бұдан бөлек ауылға кіре беріс жол бойы тазартылып, қураған шөптер орылды. 

ҚУАНЫШ СЫЗДЫҚОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Еліміздің таза болғаны, жеріміздің таза болғаны, елдің денсаулығының жақсы болғаны бәрімізге ең үлкен байлық. Тағы да бір айта кететін нәрсе, бұл енді алдында басталған кезде мысалыға бір көшеден 10 қапқа дейін қоқыс шығатын болса, қазір енді сол нәтижесін беріп жатыр. Уже 2 қапқа дейін, көп болса үш қапқа дейін мусорлар шығып жатыр. Бұл енді өзінің әрі қарай жұмыс жалғасын тауып жатқанын көрсетеді.