$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Биыл адам саудасына қатысты 197 жағдай тіркелді

22.11.2024ж. 20:30
114
Биыл адам саудасына қатысты 197 жағдай тіркелді

Биыл адам саудасына қатысты 197 жағдай тіркелді. 70 күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотталды. Ақшаға айырбасталғандардың алтауы - кәмелетке толмаған бала. Нәрестелердің барлығы шетелге емес, ел ішінде сатылған. Биыл осы мәселені шешу үшін «адам саудасына қатысты іс-қимыл туралы» заң қабылданды. Бұл норма құрбандарды қорғап, қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Әсіресе, желі арқылы жұртты жем қылатындардың әрекетіне тосқауыл болмақ. Ұлттық диалог алаңына жиналғандар түйіткілді тарқатудың өзге жолдары туралы да сөз қозғады. Жиынға мемлекеттік орган өкілдерінен бастап, «AMANAT» фракциясының депутаттары қатысты. 

МАРАТ БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз заң жоқ болған. Ешкімнің жауңапкершілігі болмаған. Қылмыстық кодексте кішкентай нормалар болған. 1-2 жауапкершілік кодекстерде, бітті. Ол орындалмайды. Басқа мемлекеттерде, міне, қасымыздағы Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан барлық жерде болған. Бар жағынан зерттеп, кіргізіп, қалып қалмайықшы деп. Соның арасында да әлі нормалдар кіргізу керек. Жұмыс істеу керек. Сол үшін қоғамның пікірін тыңдап, қандай аймақтарда проблемалар бар айтып отыру керек.