Атырауда бір адам сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Айтуынша, азамат карантинге жабылған мал базарында жұмыс істеген. Атқамінерлер қауіпті ауруға күдіктіні неге жасыруға тырысты? Аталған базарда тағы бір мал арам өлген малдың себебі анықталды ма? Тілшіміз анықатуға тырысты.
Қауіпті ауруды жұқтырды деп күдікке ілінген- Өзбекстан азаматы. Базардағы малды күтумен айналысқан. Науқас таңертең №2 ауруханаға жатқызылып, оқшауланған. Аймақ атқамінерлері күні бойы сібір жарасына күдікті бар екенін жасырып келді. Тіпті ешкім ауруханаға жатпады,- деп ақпаратты жоққа шығарды. Тек кешкісін жағдайы орташа екенін мәлімдеді.
АЛМИРА САБЫРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Қадағалау барысында бір адамнан дене қызуының көтерілуі байқалып, ауруғанаға салдық. Бүгінгі күні оны байланыста боланнан кейін сібір жарасына күдікті деп. Қазір науқастың жағдайы жаман емес. Қазір анализі зерттеуге алынды. Анализдің қорытыныдысын күтіп отырмыз.
Одан бөлек тағы 16 адам дәрігерлердің бақылауында, үйінде жатыр. Бұл ауру адамнан адамға жұқпайды. Оларды 14күн бойы қадағалауға алдық,- дейді ақ халаттылар. Жұқпалы ауру белгілі болған «Асыл агро» мал базарында тағы бір мал арам қатқан. Ол Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылынан келген.
САЛАМАТ АМАНКЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ол мал қазір анықталып жатыр, алдын ала мәліметтер бойынша Құрманғазы ауданынан келген мал. Нақты сібір жарасына қатысты ауру белгілері жоқ. Бірақ сынама алынып жіберілді.
Ауру анықталғалы 4 мал сою пункті мен сауда орындарынан 55 сынама алынған. Оның қорытындысы тек бір аптадан соң шығады. Сондықтан қала тұрғындары арасында үрей басым. Айта кетейін, мамандардың мәліметінше, биыл республикалық бюджет қаражатынан сібір жарасына қарсы вакцинаға 20 миллионға теңге бөлінген.