$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жетісу облысында тұңғыш ауыл әкімдерінің форумы өтті

22.11.2024ж. 20:00
68
Жетісу облысында тұңғыш ауыл әкімдерінің форумы өтті

АМАNАТ партиясының бастамасымен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ауыл әкімдерінің басын біріктірген форум өтті. Алқалы жиынға басқарма басшылары мен облыстағы 113 ауылдық округтің әкімі қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылған шара барысында ауыл халқын толғандырып жүрген өзекті мәселелер ашық талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.«AMANAT» партиясы елдімекендердегі кәсіпкерлікті дамытуға, экономикалық ахуалды арттыруға баса назар аударуда. Дәл осы мақсатта «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек» жобаларының және Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жетістіктер талқыланды. 

МӘДИ ОСПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жобаларымыз, мына сайлауалды бағдарламаларымыз осы ауыл тұрғындарын өмір сүру сапасын арттыруға және аймақтардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Бүгінгі форумда біздің ауыл әкімдері өздерінің тәжірибесімен алмасып және мына мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзекті мәселелерді және осы біздің жаңағы айтылған партиялық жобаларды толғандырып отырған мәселелерді талқылап, талқылайтын болады.