Қызылжарда ауыл шаруашылығы күніне орай саланың маңдайалды мамандары марапатталды. Аймақта биыл алты миллион тоннадан астам егін жиналған. Егін өсіруден бөлек, облыста мал шаруашылығы да жолға қойылған. Биылдың өзінде жаңадан 19 сүт-тауарлы фермалар бой көтеріп жатыр. Ауыл шаруашылығындағы толағай жетістіктер жайында аймақтағы тілшіміз әңгімелейді.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында егістік алқаптары 4.5 млн гектарға жуықтаған. Жазда жаңбырдың толастамай жауғанына қарамастан шаруалар 6.2 млн тонна бидай жинады. Мұндай көрсеткішке өңір диқандары соңғы рет сонау 2011 жылы қол жеткізді. Бүгін саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар орден және медальдарымен облыс әкімі марапаттады.
АЛЕКСАНДР ФАДЕЕВ, “АТАМЕКЕН-АГРО-КОРНЕЕВКА” ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Президенттің жарлығымен мен бүгін Құрмет орденіне ие болдым. Сол үшін алғысым шексіз. Бүгінде ауыл шаруашылығы мемлекеттік қолдаудың арқасында қарқынды дамып келеді. Лизинг бойынша субсидия, жеңілдетілген несиелер, мал шаруашылығына бөлек демеуқаржы қарастырылған. Осының барлығы шаруаларға үлкен пәрмен беруде.
Ал … компаниясы биыл рекордтық көрсеткіштерге ие болды. Кәсіпорынның қарамағындағы 240 мың гектар егістік алқаптарының кейбірінде гектар берекелігі 50 центнерден шыққан.
ҚУАТ КАРБУЗОВ, “ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИДАЙ КОНСОРЦИУМЫ” ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Юиыл егіннің орташа көрсеткіші гектарынан 24 центнердің маңайында. Бұл былтырғыдан қарағанда екі есе көп. Біз білікті мамандардың арқасында осындай жетістікке жеттік. Еңбегі сіңген мамандар президенттің қолынан түрлі марапаттарға ие болды.
Жалпы, өңірде мал шаруашылығы да жоғары деңгейге шығып келеді. Биылдың өзінде жаңадан 19 сүт тауарлы ферма салынып жатыр. Бұл қосымша 70 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік бермек.