Климаттың өзгеруі салдарынан әлемде шаң-тозаңға аллергиясы бар адамдар саны артып келеді, деп хабарлайды 24kz. Өйткені атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері артып, фотосинтез жылдамдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл өсімдіктердің гүлдеу уақытына, ұзақтығы мен қарқындылығына әсер етеді. Ғалымдардың зерттеуі «Атмосфере» халықаралық ғылыми журналында жарияланды.
Климаттың өзгеруінен жұқпалы аурулар да көбейіп жатыр, - дейді мамандар.
Себебі жылы және ылғалды ауа райы маса мен кененің көбеюіне қолайлы жағдай жасайды.