$510.81 €578.59 ₽6.51
×

Каратэден алғашқы командалық әлем чемпионаты өтеді

AstanaTV
23.11.2024ж. 08:35
281
Каратэден алғашқы командалық әлем чемпионаты өтеді

Испанияның Памплона қаласындағы әлем біріншілігіне 43 елден 80 команда қатысады, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazspotrtv мәліметінше Қазақстанның ерлер құрама командасы С тобында Грекия, Франция, Косово, АҚШ командаларына қарсы күш сынасады.

Ұлттық құрама 8 каратэшіден құралған, атап айтқанда, Қайсар Алтынбай, Жоламан Биғабыл, Нұрқанат Ажиканов, Әбілмансұр Батырғали, Данияр Юлдашев, Никита Тарнакин, Ғалым Асылхан, Диас Улбек.