Израиль әскерінің Ливан астанасы Бейрутқа жасаған жаппай әуе шабуылынан тұрғын үйлер, деп жазады KAZINFORM ВВС-ге сілтеме жасап.
Ливан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, әуе соққысынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.
Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің (NNA) хабарлауынша, ел астанасының халық тығыз орналасқан Баста ауданында бес зымыран шабуылы нәтижесінде 8 қабатты ғимарат толығымен қирады.
Израиль шабуылы сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00 (GMT 0200) шамасында болды.
Израиль әскерилері жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.