$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Әлеуметтік медициналық қамсыздандыру 80 млн доллар қарызға жүзеге асырылмақ. Жолдар да қарызға салынбақ.

AstanaTV
13.05.2017ж. 20:00
2095
Әлеуметтік медициналық қамсыздандыру 80 млн доллар қарызға жүзеге асырылмақ. Жолдар да қарызға салынбақ.

Әлеуметтік медициналық қамсыздандыру жүйесін іске қосу үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен 80 млн доллар қарыз алынбақ.Тиісті заңды Мәжілістен кейін Сенат та бекітті.Қарыз 15 жылға 2,3 пайызбен алынады. Бастапқы 5 жылда төлем жүргізілмейді. Одан әрі 80 млн-ға қосымша 11 млн доллар қосып қайтару қажет. Бұл қомақты қаржы қазіргі заманғы медициналық қондырғылар сатып алуға, мамандарды оқытып, шет елдік және отандық кеңесшілерді жалдауға жұмсалмақ. Сенатор Серік Жақсыбеков ескерту сияқты мынадай нәрсе айтыпты – бұл жобаны іске асыруға 80 млн доллардан әлдеқайда аз ақша жетуші еді.

Серік Жақсыбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Заңды орындауға байланысты оны дайындаушылармен әңгімелескенде стратегия туралы да, тактика жайлы да өкінішке қарай, нақты, детальді жауап ала алмадық. Егер займның жұмсалу мақсатына қарасақ, оның 80 пайызы тауар сатып алуға және консультацияға жатпайтын қызметтерге кетеді. Ал медициналық қамсыздандыру бағдарламасын жүзеге асыруға 14 млн доллар артығымен жетуші еді. 

Былай: жоғары білімді мықты маман түгілі, фельдшер жетіспейтін, ультрадыбыстық тексеру аппараттары тұрмақ, амбулаторияның өзі жоқ елді-мекендер аз емес. 80 млн доллардан түгі жоқ жерлерге бірнәрсе тие ме? - мәселе сонда.

Тағы бір қарыз туралы. «Ақтөбе-Мақат» жолының 299 шақырымы Азия даму банкінің ақшасына жөнделеді. Бұл келісім Мәжілісте мақұлданды. 2-техникалық категория бойынша 2 жолақты төсеуге 240 млн доллар керек. Бұл 80 млрд теңге немесе әр шақырымы 300 млн теңге деген сөз. 

Азия даму банкінен алынатын қарыздың 13 млн доллары консалтингтік жұмыстарға бөлінеді. Ал 8,5 млн доллар, Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің айтуынша, аяқ астынан туатын шығындарға деп есептелген.

"Кеңесші" дегендерді алып қажеті жоқ.

... Фейсбукте отырғандардан сұрасын. Діни тақырып пен саясат, әдебиет, басқа да ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер жөнінде сұраса талқылап, зерттеп отырып, кеңес бере алады. «Туиттерде» отыратындардан ішкі саясаттағылар кеңес алсын. Ал «вконтактедегілерден» жастар саясаты, «инстаграмдағылардан» туризм, мәдениет және ақпарат құралдары  қызметі кеңес алса болады.

Біз үкіметке де ақыл-кеңес айта аламыз. Сонда кеңесші жалдайтындар бізді тыңдамай ма?)

Нұрбол Ханағат есімді азаматтың фейсбуктегі парақшасынан. Мүмкін Нұрболдың бұл сөзінде ирония жоқ та шығар. «Осылардың керегі не?» - дегенмен, бизнестегі «қорқау» баптар - кәсіби кеңестің, консалтингтік қызметтің жойылмайтыны және арзан болмайтыны түсінікті. Оны адамдар білмейді емес, біледі. Бірақ сарказмға салады. Себеп? Себебі көп. Өте көп. Мысалы, су тасқынынан жылда зардап шегетін қаншама ауыл бар.