Ақтөбе облысында "Солтүстік айналма жол" автожолында Chevrolet автокөлігі мен MAN жүк автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өңірдегі полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
"Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс атқарып жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция департаменті тұрғындарға жол ережелерін қатаң сақтауға үндеді.