Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ата-аналар жиналысынан.

AstanaTV
13.05.2017ж. 20:00
1945
Ата-аналар жиналысынан.

Кеше елімізде барлық мектепте ата-аналар жиналысы өтті. Мұғалімдердің ата-аналарға, ата-аналардың мұғалімдерге, мектеп директорларына айтатыны аз емес, әрине. Оқушының тұлға болып қалыптасуы екі тараптың да білімі мен пайымына, принциптері мен талабына байланысты. Басты мақсат сол болуы керек. Бірақ... "Анаған билет ал, мынаған ақша әкел" дейтін "майда" әңгімелерден басталатын қарым-қатынас... Ал қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы... Алматылық Нұрила Қапашқызы математика пәнінің тапсырмасын 3-4 рет оқып, әрең түсінуге болатынын айтты.

Нұрила Қапашқызы, оқушы анасы:

Математика сабағынан жазбаша аудармасы оқушыларға қиындау. Оны түсіну үшін есептердің түрін үш -төрттен қайталап оқып, содан кейін барып түсініп шешеді. Мен  қазақша бітірсем де, үш-төрт оқып әрең түсінемін. Ал, жаңадан келіп отырған балаға оны түсіну қиын. Сондықтан кейбір есептердің аудармасын министрлік жағынан қайтадан қарап, дұрыстап аударса деп ойлаймын.

Қабыл Халықов, оқушы әкесі:

Кейбір оқулықтар көшірменің көшірмесі. Не болады өзіңіз қараңыз? Біз өзіміз түсінбей қалуымыз мүмкін. Аударып отырған адамның өзі бұл не туралы айтып отырғанын білмей қалуы мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта ақпаратты заманда білім қолжетімді болуы керек. Біз мынау қазақ тілін оқытғанда да көп балама әдеби тілге ден қоямыз деп, балаларды алшақтатып аламыз. Балалар «осы не деген қиын тіл» дейтіндей көзқарас туындамауы керек. 

Баланың өз ойын емін-еркін жеткізуінде бәсеңдік бар. Және олардың тұлғалық қабілеті мен дара ерекшеліктерін көре білу төмен. Бұл ең жаманы.

Қабыл Халықов, оқушы әкесі:

Әрбір жеткіншекті үлкен тұлға болашағы бар біздің әріптесіміз деп қарауымыз керек. Солай қараған кезде бар мәдениет қалыптасады. Сол кезде олар да өздерінің сыйлы екенін, олардың өздерінің орны бар екенін олар да үлкен тұлға адам болатынын сезіну керек. Сен оқушысың, сен төмен білмейсің, мына нәрсені өмірі үйренбейсің десең, сабақ оқыған жоқсың деп сөйте берсек, мектепте пән де көп, тапсырма да көп, баланың мынау еркіндік алаңы азаяды. Таңдауы да қалмауы мүмкін. Біз оны тығырыққа тірейміз.

Ата –аналарды сыныптағы оқушы санының көптігі де алаңдатады. Бұл білім сапасының нашарлауына әкелетіні анық. Мысалы, жақсы оқитын балаға «сен бүгін сабақ айтпай-ақ қой» деу бар, сондай-ақ, оқығанға оқымағанды «құтқару» міндеті жүктелген...