$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Танымал виолончелист Болат Тыныбеков өмірден өтті

AstanaTV
25.11.2024ж. 21:24
654
Танымал виолончелист Болат Тыныбеков өмірден өтті

Танымал виолончелист Болат Тыныбеков 39 жасында өмірден өтті. Оның қазасы туралы музыканттың әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Болат Тыныбеков — қазақстандық виолончелист және вокалист, Корольдік музыка колледжінің түлегі, халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол Қазақстан мен Еуропада белсенді концерттік қызмет жүргізіп, өз елін әлемдік сахнада танытқан.

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында 27 қараша күні «Эннио Морриконе» концерттік бағдарламасында өнер көрсететінін жария еткен.

Өнер иесінің өліміне жазатайым оқиға себеп болған. Басқа ақпарат жоқ. Бұл туралы музыканттың таныстары марқұмның Instagram-дағы парақшасындағы пікір қалдыру бөлімінде жазған.