$498.51 €522.84 ₽4.81
×

17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп кетті

AstanaTV
26.11.2024ж. 10:55
92
17 жастағы гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп кетті

Бішкекте 17 жастағы гимнаст Дарья Попова өгей әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дарья Попова – көркем гимнастикадан спорт шебері атағын ерте жаста алған санаулы спортшылардың бірі болған. 

30 қазан күні Дарья мектепке келмеген, алайда таңғы сағат 7:38-де қыздың нөмірінен анасына "Мен сабақтамын" деген хабарлама келген. Бірақ арнайы қосымшадағы қыздың мекенжайы мүлдем басқа жерді көрсетіп тұрған. Қыздың анасы полицияға қыздың ұрланғаны туралы дереу хабарлаған. 

Бейнебақылау камераларынан қыздың өгей әкесінің Дарьяны көшеде қалай қуып жетіп, жерге құлатып, кейін көлікке отырғызғанын көруге болады. Сол күні кешкісін қыздың мәйіті Бішкек шетінде, Таштар-Ата ауданында табылды. Ал қыздың өліміне басты күдікті Балықшы қаласында ұсталған.

Қырғызстанның бас прокуратурасы оқиғаға қатысты “адам ұрлау” және “адам өлтіру” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, өгей әкенің қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ өгей әкенің бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды.