$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Екі әскери лауазым иесі қызметінен босатылды

AstanaTV
26.11.2024ж. 12:19
549
Екі әскери лауазым иесі қызметінен босатылды

Асан Жүсіпов пен Қуанышбек Үштаев Қазақстан қарулы Күштеріндегі лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.