$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қызылордада полиция бастығы 2 млн теңге пара алу үстінде ұсталды

AstanaTV
26.11.2024ж. 16:44
79
Қызылордада полиция бастығы 2 млн теңге пара алу үстінде ұсталды

Қызылорда облысында жоғары лауазымды полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратқа сәйкес, өңірдің ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы қамауға алынған адамды қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 2 млн теңге көлемінде пара алған кезде ұсталды.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі фактіні растады.

"ҰҚК департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция Қызылорда облысының ПД полиция қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі түрде іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.