$498.55 €524.28 ₽4.75
×

"АМАNАТ" партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі қызға қуаныш сыйлады

26.11.2024ж. 20:00
49
"АМАNАТ" партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі қызға қуаныш сыйлады

"АМАNАТ" партиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі қызға қуаныш сыйлады. Яғни, 16 жастағы бойжеткенге қол арба тарту етті. Осылайша, партиялықтар қоғамдық қабылдау орталығына көмек сұрап келген ананың сөзін жерге қалдырмады. Айтуынша, қолданып келе жатқан ескі арбаға 5 жыл болған. Содан бері әбден тозығы шыққан. Әрі кішкентай дейді. Жаңасын алайын десе, ай сайынғы дәрі-дәрмегінен қаржы ауйыспайды екен. Айта кетейік, жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөліміне 2750 адам жүгінген. Оның 44 пайызы оң шешімін тапқан. 

МАДИЯР ҚАЛИАСҚАРОВ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бізде осы 2023 жылдан бастап партия тарапынан құқықтық жобасы іске қосылды. Құқықтық жобасы аясында біз қазіргі таңда осы уақытқа дейін 41 қабылдау өткіздік. Және сонымен қатар партия арасында Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарынан атқарушы органдармен бірлесіп көшпелі қабылдау және мобильді қоғамдық қабылдау өткіземіз шалғай аудандарда. Және сол жердегі нақты нақты мәселелерді біз жазып алып, керекті жерлерге жеткіздік. Қазіргі таңда ол жұмыстар жүргізілуде.

ҚҰРАЛАЙ НАДИРОВА, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қызымды өзіміз Индия еліне алып кетпекші болып сол бойынша маған коляска керек болған бізге. Өтішіммен келгем осы "АМАNАТ" партиясына өтінішім орындалды. Коляскамыз ыңғайлы, жақсы тез әкеліп берді.