$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің 40 пайызын ерлер құрайды

26.11.2024ж. 20:00
79
Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің 40 пайызын ерлер құрайды

Күйеуінің үстіне жанармай құйып, өртемек болды. Осылай отағасына зәбір көрсететін әйелдер аз емес. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің 40 пайызын бөріктілер құрайды. Қылт етсе көбіне отағасы жұдырық ала жүгіреді деп ойлаймыз. Бірақ күйеуін көшеде тілдеп, таяқтап жататындар бар. Екі жастың ортасына есі кеткен түседі. Дегенмен, отағасының оңбай таяқ жегеніне жұрт шыдап тұра бере ма, әлде араша түсе ме? Айдана Қайрат эксперимент істеді. 

- Жүр кеттік! Мен неменеге саған күйеуге шықтым. Болды ажырасамыз бітті. Қандай сүмелексің...

- Иә, иә! Не істейсің сен маған. Сақтамаймын сабыр. Шаршаттың мені. Ақша таппайтын, неменеге керек маған сен сияқты күйеу

- Ұрып жатырмын сені, әсер етпейді ма саған, бәрібір ме? Еркесің ғой сен кішкене ақша тауып жұмыс істеу керек қой. Қалай саған бәрібір болады а?

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Эсперимент аясында тұрғындардың біразы бізге назар салып таңырқап та қалды. Кейбірі тіпті елең етпеді. Қазір жұрт мұндайға мүлдем сел етпейтін тәрізді.

Жігітке жасқаншақтық жат қылық. Дегенмен, мысы жоқ, әйелінің айтқанын шықпайтындар бары жасырын емес. Қоғам белсіндісі бұл отбасында тәрбиенің дұрыс берілмеуі дейді.

АЙША ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Кейбір ер адамдар аузынан сөзі түсіп тұрады. отбасында секіріп жүреді. Кейбір ер адамдар жұмыс істеуге қабілетсіз сосын барады да не істейді? Әйел адамдар амал жоқтықтан бүкіл отбасын қамытын өз мойнына іліп алады да сосын үйде әйелдің рөлін атқарып отырған еркекке бірде ашынып, бірде құрметің жоқтығынан сондайдан өзінің қалай абьюзер болып кеткенін білмей қалған әйелдер де бар ғой.

Кей жағдайларда еркектердің тарапынан жасалатын ескертпелер, әйелдердің оларға қол жұмсауына алып келуі де мүмкін дейді - мамандар. Себебі қазір депрессия, стресс сынды жүйке аурулары көп жандардың басында бар проблема . Салдарынан ашуға булығып, өзін жоғатып алу оп-оңай

БАЛАБАЕК САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ:

Бұндай психикалық құбылыстарға жылдам берілетін азаматтардан қарым қатыныас барсында көбіне олардың шамына тимейтін, ренжітпейтін, оларды сондай әрекет жасауға итермелейтні әрекеттерден аулақ болу керек. Мұндай азаматтармен көктем және күз айларында олармен қатты конфликтіге келмей қарым қатынасты барынша жұмысақ қылып ұстауға ұмтылу керек. Отбасын толықтай бақылауға, билеуге ұмтылатын азаматтар. Барлығына өздерін жауапты сезінеді. Сол арқылы бір бірін түсіне алмағанда доминандық рөлде болады. Сол үшін күйеулерін ұрып соғады.

Былтырмен салыстырғанда ерлерге көрсетілген зорлық зомбылық артқан. Осы ретте жұбайлар мәселені өзара шеше алмаса псхилог көмегіне жүгінгені жөн. Бұл менің емес мамандардың кеңесі.