$498.55 €524.28 ₽4.75
×

"Елдегі теміржол вокзалдары мен станцияларының 90%-на жөндеу жұмыстары қажет",-О.Бектенов

26.11.2024ж. 20:00
53
"Елдегі теміржол вокзалдары мен станцияларының 90%-на жөндеу жұмыстары қажет",-О.Бектенов

Елде пойыздар жиі кешігеді. Осыған байланысты тұрғындардың шағымы көбейген. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы келтіріліп жатқан қолайсыз жағдайларға байланысты жолаушылардан кешірім сұрады. 

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл мәселе біздің компанияның ерекше бақылауында тұр. Осы жағдай жол жөндеу жұмыстарымен және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Соңғы жылдары біз жол жөндеу жұмыстарын екі есе көбейттік. Жолаушылардан бұған кешіріммен және түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Теміржол вокзалдары мен станцияларының жағдайы да сын көтермейді. Олардың шамамен 90%-ына жөндеу жұмыстары қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл мәселелерді жауаптыларға тездетіп шешуді жүктеді. 

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Орталық Азия елдерінің көпшілігі өз инфрақұрылымын дамытып, халықаралық көлік бағыттарындағы ойыншылардың қатарынан орын алуға талпынып отыр.

Сондықтан ел аумағындағы инфрақұрылым мүмкіндіктерін арттыра түсуІміз керек.