Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодар МХЗ жаңғыртудан соң авиациялық керосин өндіреді

AstanaTV
12.05.2017ж. 20:00
2069
Павлодар МХЗ жаңғыртудан соң авиациялық керосин өндіреді

Павлодар мұнай-химия зауытында қондырғыларды іске қосу мерзімі тым созылып кеткен. Энергетика министрі кәсіпорын басшылығын осылай деп сынға алды. Қанат Бозымбаев уақытылы тапсырылмаған нысандардың белгіленген мерзімде жұмысты бастайтынына күмәнмен қарайды.

Кәсіпорын өкілдері, бұған құрылыс алаңына кейбір қосалқы құралдардың кешеуілдеп жеткізілуі себеп болды, дейді. Министр зауыт басшыларына қарашаға дейін уақыт берді.

Павлодар мұнай-химия зауытында жаңғырту жобасы 2009 жылдан бастап қолға алынған. Энергетика министрлігінің дерегінше, кәсіпорынның жылдық қуаты 5 миллионнан 6 жарым млн тоннаға артпақ. Ең бастысы, зауыт авиациялық керосин өндіру ісіне кіріспек. Қазақстан бұл отын түрінің 60 пайызын Ресейден сатып алады. Айта кетейік, еліміздегі мұнай өңдейтін үш зауытта да жаңғырту жұмыстары басталған. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Үш зауытты уақытында бітірсек, онда бензин, дизельдік отын, авиакеросинді осы қазақстандық тұтынушыларға 100 пайыз өз ресурстарынан, өз зауыттардан қамтамасыз ететін боламыз.