$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда

AstanaTV
12.05.2017ж. 20:00
1605
Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда

Тасқыннан зардап шеккен ақтөбеліктерге көмек көрсетіп қол ұшын созу жалғасып жатыр. Игілікті істі қолға алған «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов бастаған топ көмекке зәру бірнеше отбасыларына барып, мұң-мұқтажын тыңдады. Азық-түлік пен басқа да керекті заттарды табыстады.

4 баланың анасы Айнагүл Қожахметова - баспанасы суға кетіп, қиындыққа тап болғандардың бірі. Үйдің едені мен қабырғалары бүлінген, оны жөндеуге қаржысы жоқ. Қазір үйіне оралған ана партия өкілдеріне алғысын білдірді. Әлі де көмек қажет екенін айтады. 

Айнагүл Қожахметова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Сырттағы су үйге кірген. Енді сонымен осындай болып тұр. Мынау шамалы кепкені. «Нұр Отаннан» келіп көмектесіп жатыр маған. 4 балам бар. Әлде де үміт күтемін мен.

Нұротандықтар шаһарда 2 бірдей қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Тұрғындар өзін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Оларға жергілікті басқарушы органдардың өкілдері мен білікті мамандар кеңес берді. Мұндай шаралар әлі де жалғасын табады.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Бұл жерде адвокаттарымыз, медиаторларымыз және психологтарымыз жұмыс атқарып жатыр. Партия өз тарапынан нақты жұмыс атқарып жатыр. Мысалы, Ақтөбе облысындағы партия филиалын алсақ, олар әрбір адамның тізімін біледі, қандай көмек көрсетуін біледі. Оның үстіне өздері жинақ пунктін ашып қойған.

Жақсыбек КЕМАЛ