$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Балама су көздері пайдаланылады

27.11.2024ж. 20:00
95
Балама су көздері пайдаланылады

Қазақстан мен Ресей арасында су саласы бойынша 6 жұмыс тобы бар. Оған қоса өзара комиссия құрылған. Онда трансшекаралық өзендер мәселесі талқыланады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл бағытта ешқандай мәселе жоғын айтты. 

НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ:

Бір жылдың ішінде біз бірнеше кездесулер өткіздік. Мысалы әр өзен бойынша кездесу өткіздік те және комиссия отырысы. Алматыда немесе Ресей Федерациясында өткіземіз. Біздің міндеттерімізді біз орындап отырмыз, РФ тарапынан біздің әріптестеріміз олар 100 пайыз орындап отыр.

Елдің су әлеуетін толықтыру және сақтау үшін балама су көздері пайдаланылып, айналма су жүйелерімен жабдықталады. Мәжіліс су кодексі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оған қоса Президенттің климаттың өзгеруі мен көршілес мемлекеттердің саясатын ескере отырып, су заңнамасын жетілдіру тапсырмасына сәйкес ілеспе түзетулер әзірленді. Бүгінде 42 жаңа су қоймасын салу және 37 қолданыстағы су қоймасын реконструкциялау жоспарлануда. Сонымен қатар шамамен 14,5 мың шақырым ирригациялық канал жаңғыртылмақ. 

ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа жобаның қолданыстағы заңнан айрымшалығы ол су ресурстарын үнемдеуге, су объектілерін сақтау мен қорғауға бағытталған. Сондай-ақ су тасқынына қарсы шаралар, су саласын цифрландыру, қара нарықтағы мәселені реттеу және саладағы гидротехникалық құрал-жабдықтың қауіпсіздігін сақтау нормалары қамтылған.