$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қызылжарда “Радуга” серіктестігі Ресейге 700 млн теңгенің тауарын экспорттаған

27.11.2024ж. 20:00
69
Қызылжарда “Радуга” серіктестігі Ресейге 700 млн теңгенің тауарын экспорттаған

Қызылжарда “Радуга”серіктестігі Ресейге 700 млн теңгенің тауарын экспорттаған. Аймақтағы ең ірі компаниялардың бірі көрші елмен әріптестікті 30 жылдан бері нығайтып келеді. Алдымен алып-сатарлықпен айналысқан кәсіпорын 10 жыл бұрын өндіріске бетбұрыс жасап, қазір кәсіпті жолға қойған. Тамақ және тұрмыстық заттарды өндірумен айналысады. Алдағы жылы олар экспорт көрсеткішін 1 миллиард теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. 

ВИКТОР МОЛОДОВСКИЙ, КОМПАНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША БАСҚАРМАНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біз ресейліктермен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Ірі дистрибьютерлермен жұмыс істейміз. Мәскеуде ірі қоймамыз бар. Сол жерде өз тауарымызды сақтап, сауда орындарына лезде жеткізіп отырамыз.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысының көрші елмен алыс беріс ауқымы жыл сайын ұлғайып келеді. Тек биылғы жылдың 9 айында тауар айналымы жарты миллиард долларға жеткен. Қазір жергілікті билік Ресейден инвестор тартып, өңірде тағы өндіріс орындарын ашып жатыр.

АЗАМАТ ШАЙМЕРДЕНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір Қызылжар арнайы экономикалық аумағында 4 ресей инвесторы жұмыс істеп жатыр. Олар құбыр, құрылыс материалдары, көтергіш қондырғылар мен нан-тоқаш өнімдерін шығарумен айналыспақ. Жобалар келесі жылдан бастап іске асады.