$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қызылордада арнайы бағдарлама арқылы мемлекеттен қыруар қаржы алып отырған үйірмелерден ши шықты

Қызылордада арнайы бағдарлама арқылы мемлекеттен қыруар қаржы алып отырған үйірмелерден ши шықты

Қызылордада арнайы бағдарлама арқылы мемлекеттен қыруар қаржы алып отырған спорттық және шығармашылық үйірмелерден шу шықты. Бала басына миллиондап алатын кейбір кәсіпкерлер арнайы талаптарды орындамаған көрінеді. Енді жауапты басқармадағылар олармен сот арқылы келісімшартты бұзбақ. 

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін биыл 4 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Соның негізінде 136 өнім беруші жұмысын бастаған. Алайда, көп ұзамай 47 кәсіпкермен келісімшартты біржақты бұзуға тура келіпті. Себебі олар балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап, секция кабинеттерін талапқа сай жабдықтай алмады дейді жауаптылар. Тіпті кейбірінде оқушының жеке деректері де жинақталмаған. Ал енді бірі балалардың толыққанды қатысқанын бейнежазба арқылы дәлелдей алмапты.

МИРА ҚАЗБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бір үйірмеде 35 бала болса, базада тіркелген 35 бала мен сол үйірмеген фактический баратын 35 баланың тізімі сәйкес келмей жатқан жағдайлар болды. Қарапайым жылу жоқ, тас мұз. Біздің өзіміз 10-15 минутқа кіріп зерделеп шыққанның өзінде үсіп кеттік. Ол жерде кішкентай бала түгіл үлкен адамның өзі адам төзгісіз жағдай.

Мұндай кемшіліктер спорттық үйірмелерде де шаш етектен. Көпшілігі балаларға арналған жуыну бөлмесін жасауды ескермеген дейді басқармадағылар. Ал кейбір пысықайлар оны дайындағанымен, жылу су ақпайтыны анықталған. Сонымен қатар, балалардың киім сөрелері мүлде қарастырылмаған. Тіпті жалған тізім көрсетіп, қомақты қаржыны аудартып келгендердің де жолын кестік дейді жауаптылар. Соның негізінде 42 өнім берушімен келісімшарт бұзылған. Ал 25 кәсіпкер өз еріктерімен бас тартыпты.

ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Кейбір өнім берушілер тарапынан сол ата-ананың ЭЦҚ ключін алу арқылы қандай бір спорттық секцияға ата-ананың келісімінсіз тіркеу мәселелері. Білім саласының деректер қорымен 16423 баланы салыстырып көрген болатынбыз. 1264 баланың спорттық секциясы басқа жерде. Ал баланың тұратын мекен-жайы басқа ауданда екені анықталып тұр.

Бұл кемшіліктерді облыс әкімінің бастамасымен басқарма жанынан құрылған зерделеу тобы анықтаған. Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде биыл шығармашылық бағытта қаралған қаржыдан 600 млн теңге мемлекет қазынасына кері қайтарылды. Ал спорттық үйірмелер бойынша 2,6 млрд теңге бюджетке өндірілген.