Қазақстан мен Ресей арасында 20 құжатқа қол қойылады. Бұл туралы Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинмен шағын құрамдағы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Сіздің бүгінгі сапарыңыздың күн тәртібі өте ауқымды. Сапар қарсаңында Үкімет мүшелері кездесіп, біз талқылайтын барлық мәселені пысықтады. Бүгін өте маңызды құжаттарды қабылдаймыз. Бұл 20 келісімнен тұратын құжаттар біздің тату көршілік және серіктестік рухындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.