Ақтауда жертөледен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, ер адамның денесі 28А ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен табылған.
Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мәйіттің 16 қарашада табылғанын мәлім етті. Марқұмның нақты тұрғылықты жері жоқ көрінеді.
«Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген ПД хабарламасында.