$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Ресейде қалың қардан төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
28.11.2024ж. 12:05
306
Ресейде қалың қардан төтенше жағдай жарияланды

Ресейдің қиыр шығысында қалың қар түсті, деп хабарлайды 24kz.

Осыған байланысты Благовещенск қаласында төтенше жағдай жарияланған. Коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты. Оларға мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар, студенттер мен еріктілер көмекке келген.

Ақ ұлпа кейінгі 3 күн бойы тоқтамай жауды. Жергілікті метеорологтардың мәліметі бойынша қардың мұншама қалың жаууы 97 жылда алғаш рет болып тұр. Благовещенск билігі әуежайдағы рейстерді кейінге шегеріп, қалааралық автобустарды тоқтатты.