$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Доллар құны шарықтап барады

AstanaTV
28.11.2024ж. 14:33
238
Доллар құны шарықтап барады

Елімізде теңге сағат санап құлдырап, бір доллардың құны 528 теңгеге жетті, деп хабарлайды Astana TV.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде бір долларды сатып алу құны – 528 теңге, ал сату – 516-522 теңге аралығында.

Ал Астанада жағдай аздап өзгешелеу. Айырбастау пунктерінде сатып алу – 521-528 теңге, сату - 517-518 теңге аралығында.