$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Стоматологтарды оқыту бағдарламасында жасанды интеллект қолданылмақ

28.11.2024ж. 20:00
404
Стоматологтарды оқыту бағдарламасында жасанды интеллект қолданылмақ

Болашақ стоматологтарды оқыту бағдарламасында жасанды интеллект қолданылмақ. "ЭйАй дэнтес" компаниясы әзірлеген жоба Семей Медицина университетіне ұсынылды. Стартап рентген суреттерін талдау және ауыз қуысының ауруларын анықтауда таптырмас мүмкіндік береді. 

Дәрігерлердің күнделікті тапсырмаларға кететін уақытын бір сағатқа дейін қысқартып, диагностика сапасын жақсартуда септігін тигізеді. Университет ректорының айтуынша оқу процессін цифрландыру мен университеттік емхананың жұмысын жаңа деңгейге көтеруде бұл аса қажет құрал.

АЛТАЙ ДЮСУПОВ, "СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРЫ:

Цифрландыру процестерін жүзеге асыру үшін бүгін біз мына AI dentes компаниямен меморандум қол қойдық. Енді басты мақсаты ол мына цифрландыру процесстерін біздің мына медициналық оқу, медициналық көмек беру процестеріне енгізу.

Жобаның алғашқы нұсқасы ортодонттарға бағытталған. Бұл науқастың жақ тістемесін түзету үшін сапалы диагноз қоюға көмектеседі. Бүгінгі таңда Қазақстанның стоматологиялық клиникалары жобаның клиенттеріне айналды.

АСЫЛЗАТ ИСАТАЕВА, ЖОБАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Аталмыш университет біздің платформамызды студенттердің тәжірибесіне енгізу туралы меморандумға қол қойған Қазақстандағы алғашқы оқу ордасы. Яғни мұнда жастар рентген суреттерді жасанды интеллект көмегімен талдай алады және технологияны қолдануды үйренеді. Сонымен қатар келешекте пациенттерге сапалы диагностика жүргізеді.

Диагностика модулін елімізден бөлек, Өзбекстан мен Таяу Шығыс елдерінде кеңінен тарату жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін бэта тестілеуді аяқтау, өнімдік бөлікті күшейтіп, инвестиция тарту - негізгі мақсат.