$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Таразда кітапханашылар "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

28.11.2024ж. 20:00
417
Таразда кітапханашылар "Таза Қазақстан" акциясына қатысты

Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Бұл жолы шараға қатысушылар «Қаржыгерлер аллеясының» ішін жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Игі шарада кітапхана қызметкерлері мен қала әкімдігі бөлімдерінің мамандары шағын бақтың шырайын ашты. Оларға «Жасыл ел-Тараз» серіктестігінің жұмысшылары да көмекке келді. Күзде басталғалы акция аясында табиғат жанашырлары 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133 мың аула мен 5 мың шақырымға жуы көше жолдары тазартылған. Бұл жұмыстарға жалпы 1078 бірлік техника жұмылып, 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылған. Нәтижесінде 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 

ӘСЕЛ САҒЫНДЫҚ, КІТАПХАНАШЫ:

Әрбір адамның тазалығы өз бойында ғана емес жалпы қалада да өз үлесін қосуы керек. Қаламыздың өсуіне, көркейуіне, таза болуына әр азамат, әр тұрғын жауапты деп ойлаймын. Экологиялық мәдениетті ары қарай дамыту үшін осы сенбіліктерден, акциялардан қалмай қатысып жүрейік.