$513 €541.16 ₽4.69
×

Елімізде жер асты суларын өндіруді үш есеге арттыру жоспарлануда

Елімізде жер асты суларын өндіруді үш есеге арттыру жоспарлануда

Елімізде жер асты суларын өндіруді үш есеге арттыру жоспарлануда. Бұл туралы «АМАNАТ» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында Су ресурстары және иригация вице-министрі Болат Бекнияз хабарлады. Мәселемен жаңадан құрылған Ұлттық гидрогеологиялық қызмет айналысады. Мамандар барлау және бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс 2025 жылы басталады. Вице-министр елде жер асты суларының 10 пайызы ғана пайдаланатынын нақтылады. 

БОЛАТ БЕКНИЯЗ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазақстанда ауыз судың жартысы жер асты сулары. Елде оның әлеуеті орасан зор. Қазір 7-10 пайызы ғана пайдаланылады. Жалпы әлеует 15 текше шақырымды, яғни 37 процентті құрайды. Сондай-ақ алдағы уақытта геотермалдық суларды шығару жоспарлануда. Бұл мың немесе одан да көп тереңдіктен жер бетіне шығарылады. Ол электр энергиясын өндіруге, жылумен, ыстық сумен жабдықтауға, жылыжай шаруашылығына және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.