Қарағандыда “ Ардагерлерді ардақтайық” акциясына жастар ат салысып жатыр. Бүгін “ Jastar ruhy” Жастар қанатының белсенділері қарияларға көмектесті. Қарапайым тірлік жалғыз басты қарияларға кейде салмақ түсіреді. Жастар осындай ата- әжелерге қолқабыс жасады. Жігіттер қар тазаласа, қыздар үй жинайды. “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жоба жастарды қамқорлыққа үйретіп қана қоймай үлкен тәрбие береді, - дейді еріктілер.
Санжар ЕРМЕКОВ, “ ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:
“Әрине, біз әрқашан да үлкен кісілерден осылай көмектесіп болған соң қарт кісілерден “ата”, “апа”,- деп барып батасын аламыз батаңызды берсеңіз деп. Ол кісілер өз ықыластарымен қолдарын жайып батасын береді. Бұл кісілерді қоғамнан тыс қалдырмау керек, әр қашан көмектесіп тұру керек”.