$513 €541.16 ₽4.69
×

Таразда «Жастар рухы» Жастар қанатының «Jastar BIR TOLQYNDA» атты сессиясы өтті

28.11.2024ж. 20:00
63
Таразда «Жастар рухы» Жастар қанатының «Jastar BIR TOLQYNDA» атты сессиясы өтті

Таразда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының «Jastar BIR TOLQYNDA» атты сессиясы өтті.  Онда ұйымдастырушылар көшбасшылық қасиеттерді дамыту арқылы өз елінің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға шақырды. «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенді мүшелері мен жастар ұйымдарының өкілдері өзара пікір алмасты. Өңірдегі жастар саны бүгінде 355 мыңнан асып, облыс халқының 29,1 пайызын құрап отыр. Партия белсенді азаматтық ұстанымы бар, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын әрқашан қолдап келеді. Жастар – жасампаз істердің, жарқын болашақтың жаршысы. Сондықтан «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі бола отырып, жастар үшін әділ әлеуметтік лифт жасау міндетін өз мойнына алды. Сессия белсенді пікірталас және идеялар алмасу алаңына айналды. Жиында жастардың өзекті мәселелерін тыңдап, ортақ ұсыныстарын ортаға салды. Осы саланың дамуына қызмет етіп жүрген 30-ға жуық мекемемен меморандумға отырды. 

АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда жастар әлеуметтік желіде түрлі эксперт сымақтарды тыңдап, солардың кеңестеріне назар аударып, бұрыс бір қадамдар жасап жатады. Сондықтанда бұл алаңның баста мақсаты: кәсіби спикерлерді шақырып, жастарға дұрыс бағыт бағдар беріп және оларды белсенділікке шақыру.